Еуразия гуманитарлық институтының жоғары колледжі

ЕАГИ жоғары колледжі ресми сайты

  • Лицензия

    KZ33LAA00027446
  • Аккредитационное свидетельство

    IA-B №0128 от 23 декабря 2019 года
By - Колледж ЕАГИ

Дуалды оқыту

Еуразия гуманитарлық институты жоғары колледжінің «0101000 «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» » мамандығының 4 курс студенттері ағымдағы жылға жоспарланған дуалды оқыту бойынша эксперименттік бағдарламаны аяқтады.
7 семестрде жүзеге асыру барысында дуалды оқыту бағдарламасына сәйкес студенттер бірнеше мектепке дейінгі тәрбие және оқыту мекемелерінде білімдерін жалғастырды. Атап айтсақ, «Мерей -1», «Мерей-2», «Аристократик», «Mega kids», «Затейники», «Абадан» бала бақшалары.
Студенттер дуалды оқыту бағдарламасына сәйкес «Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру әдістемесі», «Монтессори технологиясы бойынша оқыту», «Музыка және оқыту әдістемесі», «Іс жүзіндегі психолог», «Дене тәрбиесі және оқыту әдістемесі», «Психология», «Технология және оқыту әдістемесі», «Балаларды табиғатпен таныстыру және экология негіздері» пәндері бойынша сабақтарында кәсіби дағдыларын толықтырды.
Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту мекемесіндегі жұмыс нәтижесінде студенттер жоспармен танысуға мүмкіндік алды, тәрбие жұмысы, тәрбиешінің құжаттары, тәрбие жұмысын ұйымдастыру әдістемесімен танысты.
Студенттер дуалды оқыту бағдарламасына оң көзқарас танытты, эксперимент келесі оқу жылында да жалғасын таппақ.