Еуразия гуманитарлық институтының жоғары колледжі

ЕАГИ жоғары колледжі ресми сайты

  • Лицензия

    KZ33LAA00027446
  • Аккредитационное свидетельство

    IA-B №0128 от 23 декабря 2019 года
By - Колледж ЕАГИ

КОЛЛЕДЖ ХАБЫНЫҢ ҚАТЫСУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН ЭКСКУРСИЯ

Ағымдағы жылдың 26 желтоқсанында Астана хабында бизнес-жоспар жазу дағдыларын алу мақсатында Студенттік кәсіпкерлікті дамыту бойынша колледж Хабының қатысушыларына экскурсия ұйымдастырылды. Оның шеңберінде іс-шараға қатысушыларға білім беру мен кәсіпкерлікті дамытудың қолданыстағы бағдарламалары туралы өзекті ақпарат ұсынылды.
Сондай-ақ, 2024 жылдың қаңтар айынан бастап, қатысушылар үшін жеке оқу жоспарын іске асырудың белсенді кезеңі басталатынын, оның ішінде жобаны құру бойынша кешенді жұмыс жүргізілетінін атап өту жөн.
Сонымен қатар, колледждің ресми әлеуметтік беттерінде студенттерге білім беру мен кәсіпкерлікті дамытудың қолданыстағы бағдарламалары туралы өзекті ақпарат беру үшін «жастарға арналған мүмкіндіктер» айдары басталады.
Сондай-ақ, «Young and Successful» бірегей клубының жұмысы басталады.
Жалпы, Хаб қатысушыларын қызықты әрі жемісті жобалық жұмыс күтіп тұр.