Еуразия гуманитарлық институтының жоғары колледжі

ЕАГИ жоғары колледжі ресми сайты

  • Лицензия

    KZ33LAA00027446
  • Аккредитационное свидетельство

    IA-B №0128 от 23 декабря 2019 года
By - Колледж ЕАГИ

Музейлер түні

18 мамырда Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде Халықаралық мұражайлар күніне арналған «Музейлер түні» атты шара өтті. Музейлер түні – еліміздің мәдени өміріндегі айтулы оқиға, көпшілік асыға күтетін дәстүрлі шаралардың бірі. Ауқымды шараның басты мақсаты – еліміздің басты әлеуметтік-мәдени институты ретінде музейге қоғамның қызығушылығын ояту, тарихи-мәдени мұраға арналған бірегей іс-шаралар мен бағдарламалар арқылы музейдің беделін арттыру. Осы шара барысында Еуразия гуманитарлық институты Жоғары колледжінің «Аударма ісі» мамандығы бойынша 2 курс студенттері Мұхметқалиева Іңкәр, Кондратюкова Тамила және Аманбай Әлия оқу-технологиялық іс-тәжірибе аясында Ұлттық музейде өз қабілеттерін және білімдерін көрсетті. Еуразия гуманитарлық институтының Жоғары колледжі студенттерге жаңа мүмкіндіктер мен жарқын болашақ ұсынады.