Еуразия гуманитарлық институтының жоғары колледжі

ЕАГИ жоғары колледжі ресми сайты

  • Лицензия

    KZ33LAA00027446
  • Аккредитационное свидетельство

    IA-B №0128 от 23 декабря 2019 года
By - Колледж ЕАГИ

«Мың мамандық бәрі бар. Таңдап,талғап бірін ал!»

19 желтоқсанда ЕАГИ Жоғары колледжінде 0101000 «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының онкүндігі басталды .
Аптаның маңызды және қажетті іс – шарасы «Қайырымдылық-әр жастыңміндеті»қайырымдылық акциясы болды. Әлеуметтік жағдайы төментоптарындағы отбасыларға қажетті көмек көрсетілді.
Жаңа жылдық мерекелер қарсаңында мектеп жасына дейінгі балаларға сыйлықтар, билер, ертегі қойылымдары мен тосын сыйлармен «Жаңа жылға қош келдіңіз» атты ертеңгілік өтті. «Мен өмірді таңдаймын»сурет байқауы ұйымдастырылды. Байқауға қатысушылар грамоталармен және алғыс хаттармен марапатталды.
27 желтоқсанда №32 «Балдәурен» балабақшасында 3 курс студенттері «Сыпайы сөздер»тақырыбында мектепке дейінгі даярлық тобында ашық сабақ өткізді. 1-2 курс студенттерінің қатысуымен «Мен өмірге құштармын» поэтикалық кеші жарқын және әсерлі өтті. Онкүндіктің барлық іс-шаралары туралы бейне жұмыс аптасының соңында ұсынылды. 0101000 «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының онкүндігі қарқынды, жанды және қызықты өтті!