«Жаңа оқу жылын жағымды көңіл-күйде бастайық!» ұстаздарға арналған тренинг
Жаңа 2021-2022 оқу жылының 15 қыркүйегінде жоспарға сәйкес педагог-психологтың ұйымдастыруымен ұстаздар арасында қарым-қатынасты нығайту, ұжымға деген жағымды көзқарасты қалыптастыру, жұмысқа құлшыныстарын ояту мақсатында «Жаңа оқу жылын жағымды көңіл-күйде бастайық!» атты ұстаздарға арналған тренинг өтті.
Тренинг барысында колледж ұстаздары шаттық шеңберін құрып, өз ұрандарымен бөлісе отырып, бойындағы керемет қасиеттеріне тоқталып өтті. Тренингте «Шеңберден өту» ойыны, «Сіз қандай жұмысшысыз?» тесті, сергіту сәті, «Шар» жаттығуы, «Психолог сыйы» сияқты кезеңдер қамтылды. Келесі кезеңге өткен сайын ұстаздар алға қойған мақсаттарына толық жету үшін еңбектену мен достық көмектің, ұйымшылдықтың қажет екенін өзара ұғына түсті.
Ұстаздар тренингтен алған әсерлерімен бөлісіп, жаңа оқу жылы қарсаңында жақсы көңіл-күйде тарқасты.