Еуразия гуманитарлық институтының жоғары колледжі

ЕАГИ жоғары колледжі ресми сайты

  • Лицензия

    KZ33LAA00027446
  • Аккредитационное свидетельство

    IA-B №0128 от 23 декабря 2019 года
By - Колледж ЕАГИ

«Жыл таңдауы – 2023»

2023 жылдың 24 мамырында институт акт залында «Жыл таңдау-2023» студенттерге құрмет көрсету рәсімі өтті. Шараны колледж әдіскері Мусина Айсұлу Зейнулловна, КДМ басшысы Молдахметова Раушан Аңсабайқызы, музыка жетекшісі Көгілдір Күзенқызы және студенттік өзін-өзі басқару мен колледж белсенділері ұйымдастырды.

Іс-шараның мақсаты – студенттерді оқу жылының аяқталуымен құттықтау және белсенді студенттік өмірдің қорытындысын шығару; еңбексүйгіштікті қалыптастыру, өзара қарым – қатынастарын жақсарту және студенттердің одан әрі тұлғалық өсуіне ынталандыру; дарынды студент жастарды анықтау және олардың шығармашылық қабілеттерін ұштау үшін жағдай жасау.

«Жыл таңдау-2023» шарасы барысында 18 номинация ұсынылды. Іс-шараны ұйымдастыруға 85-тен астам студент қатысты, оның ішінде 1,2,3 курс студенттері. «Жылдың үздік студенті» номинациясы бойынша Жанбекова Тайба (КЯЛ-21) жеңімпаз атанды; «Жылдың алтын дауысы» Талтақова Аяна (КЯЛ-11); «Жылдың үздік бишісі» – Амантай Аяулым (КЯЛ-11); «Жылдың үздік спортшысы» – Фархат Тұрсынбеков (Тр-11); «Жылдың үздік зиялысы» – Әбіт Әйгерім (КЯЛ-41); «Жылдың үздік басшысы» – Жақыпова Аружан (ДВр-11); «Жылдың үздік оқиғасы» номинациясы бойынша – «Студенттерге арнау» іс-шарасы; «Жыл серпілісін» Джумадилова Рабат жеңіп алды (КЯЛ-11);

«Жылдың үздік жүргізушісі» – Абдрашитов Нұрасыл (ПДр-21); «Жылдың үздік пікірсайыскері» – Бұлан Мансура (КЯЛ-11); «Жылдың үздік журналисті» – Марат Асылай (КЯЛ-11); «Жас сарбаз» – Сарсембиев Бекзат (ПВК-21); «Үздік КВНщик» – Омаров Досай (КЯЛ-31); «Үздік волонтер» – Сидиков Рашид (Пр-12); «Үздік команда» – волейболдан ұлттық құрама; «Үздік бейне» номинациясын педагогикалық бөлім меңгерушісі Ахметбекова Гайнеш Маликзадиновна жеңіп алды.

Мереке жарқын, ауқымды, көңілді және қызықты өтті! Оқу жылының бұл қорытынды оқиғасы барлығы үшін ұмытылмас болды!