Еуразия гуманитарлық институтының жоғары колледжі

ЕАГИ жоғары колледжі ресми сайты

  • Лицензия

    KZ33LAA00027446
  • Аккредитационное свидетельство

    IA-B №0128 от 23 декабря 2019 года
By - Колледж ЕАГИ

Қазақ және орыс тілі бірлестігінің «Мәңгілік ел – мәртебелі тіл» атты онкүндігі

Қазақстан – жүзден астам ұлттар мен ұлыс өкілдері бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп жатқан көпұлтты мемлекет. Елімізде әрбір қазақстандықтың ана тілінде еркін сөйлей алуы үшін барлық жағдай жасалған. Әр тілдің басқа тілдердің тағдырымен байланысты өз тарихы, өз тағдыры бар. Тіл арқылы адамдар бір-бірін табады, қарым-қатынас жасайды, халықтың рухани мәдениетін, әдет-ғұрпын түсінуге үйренеді. Еліміздің дамуына халықтар достығы көмектеседі. Бұл – біздің ұлттық байлығымыз.

Колледжімізде 9-18 наурыз аралығында «Мәңгілік ел – мәртебелі тіл» тақырыбында онкүндік өтті. Барлық іс-шаралар жоспарға сай жүргізілді. Ашық сабақ, саяхат сабақ, практикалық сабақтар, психологиялық тренингтер, концерттік бағдарлама – барлық іс-шаралар жоғары кәсіби деңгейде ұйымдастырылып, өткізілді. Әрбір оқытушы студенттердің бойына оқуға деген танымдық ынтасын қалыптастырып, ой-өрісін кеңейтіп, жауапкершілікке, өзара көмек, жолдастық сезімге тәрбиелеу мақсаттарына жете білді.