Еуразия гуманитарлық институтының жоғары колледжі

ЕАГИ жоғары колледжі ресми сайты

  • Лицензия

    KZ33LAA00027446
  • Аккредитационное свидетельство

    IA-B №0128 от 23 декабря 2019 года
By - Колледж ЕАГИ

Студенттердің кәсіпкерлік қызмет саласындағы білім деңгейін арттыруды

Кәсіпкерлік мәдениетті қалыптастыру, студенттердің кәсіпкерлік қызмет саласындағы білім деңгейін арттыруды мақсат еткен «ENTREPRENEUR plus EAGI» студенттік кәсіпкерлік ХАБ орталығы биылғы оқу жылында өз жұмысын жалғастырды.
2021 жылдың 27 қыркүйегінде Педагогикалық кеңесте студенттер кәсіпкерлік бойынша жұмысының алғашқы нәтижелерін көрсетті және шығармашылық экономиканың келесі бағыттары бойынша мұғалімдерге шеберлік сабақтарын өткізді:
1. «Сәндік-қолданбалы өнер», «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының студенттеріне арналған кәсіби және практикалық білімдерін жетілдіруге, шығармашылық ойлауын дамытуға, кәсіпкерлік қабілеттерін ашуға және өз өнімдерін өткізуге бағытталған. Бұл бағыт арнайы пән оқытушысы Сембина С.А. жетекшілігімен жүзеге асырылады.
2. «Полиграфиялық қызмет», студенттер мен колледж қызметкерлерін баспа өнімдерінің барлық түрімен қамтамасыз ететін, сонымен қатар сыртқы тапсырыс берушілермен жұмыс істейтін кәсіби бағыт болып табылады. Баймуханбетова Г.Х. жетекшілігімен «Ақпараттық жүйелер» мамандығының студенттері осы қызметтерді жүзеге асырады.
3. «Музыкалық алаң». Альписова Ж.К. жетекшілігімен «Құқықтану» мамандығының студенттері музыкалық шығармаларды өңдеу және жасау дағдыларын және оларды әлеуметтік желілер арқылы жүзеге асыру жолдарын көрсетті.
Capital City College Group UK-пен бірлескен жобаны жүзеге асыру аясында және ҰКП «Атамекен» және Британдық Кеңестің қолдауымен EAGI колледжі HUB 3D принтері мен планшетті термопресстің сәтті жұмыс істеуі үшін 300 фунт стерлинг сатып алды.

День открытых дверей – ВКЕАГИ