2024 жылғы 19 қыркүйекте «Туризм» мамандығының екінші курс студенттері туристік маршруттарды ұйымдастыруды тәжірибе жүзінде зерттеп, аймақтың табиғи көрікті жерлерімен танысу үшін Сұңқар тауларына барды. Студенттер тек әдемі табиғат көріністерінен ләззат алып қана қоймай, сонымен қатар туристік салада жұмыс істеу бойынша құнды тәжірибе жинады.
«Біртұтас тәрбие» жобасы аясында ПР-32 тобының студенттері: Лапина Софья, Сидиков Рашид және Тулеутай Ансар Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауын талдады. Шараның мақсаты — Еуразия гуманитарлық институты жоғары колледжінің 1, 2, 3 курс студенттерінің құқықтық сауаттылығын және медиа мәдениетін арттыру. Талқылау барысында мемлекеттік басқару, экологиялық және киберқауіпсіздікке қатысты маңызды тақырыптар қозғалды.
17.09.2024 жылы, Еуразия гуманитарлық институтының жоғары колледжінде салауатты өмір салтын ұстанатын дәрігерлер ПР-11, ПВР-11, ПВК-11 топ студенттерімен «Дұрыс тамақтану принциптері», «Энергетиктердің ағзаға әсері», «Жыныстық жолмен берілетін инфекциялар» тақырыбында семинарлар өткізді. Семинарда иммундық жүйе және жалпы денсаулық үшін салауатты өмір салтын сақтау ережелері жайында маңызды мәселелер көтерілді. Вейпинг пен энергетикалық сусындарды шамадан тыс тұтынудың алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
2024 жылғы 9 қыркүйекте Еуразия гуманитарлық институтының жоғары колледжінде Президенттің халыққа Жолдауы – «Әділетті Қазақстан: құқықтық тәртіп, экономикалық өсу, қоғамдық оптимизм» тақырыбында пікірталас түрінде дәріс өткізілді.
Алғашкы студенттік өмірге қадам басқандарыңызбен шын жүректен құттыктаймыз! Алдағы уақытта сіздерге тек қажымас қайрат тілейміз. Алған білімдеріңіз сіздерге бақ әкеліп, еңбектеріңіз еселене берсін. Жаңа өмірде жұлдыздай боп жарқырап жүріңіздер. Бүгін 01.09.2024 жылы ЕАГИ жоғары колледжінде дәстүрлі студенттерді қабылдау рәсімі болды.
2024 жылғы 29 тамызда ЕАГИ жоғары колледжінде «Біртұтас тәрбие» тақырыбында семинар өтті. Шара барысында студенттердің тәрбие жұмысын толыққанды жүзеге асыру үшін білім алушылардың бойында қалыптастырылуы тиіс құндылықтар мен тәрбиенің мақсаты мен міндеттері айқындалды. Тәрбие жұмысының маңыздылығы – бұл жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген еңбекқор, адал, саналы, жасампаз азаматтарды тәрбиелеу.
Бағдарламалық қамтамасыз ету мамандығының студенттері Kazakhstan Security Systems 2024 халықаралық көрмесін тамашалады. Көрмеде Еуразия институты жоғарғы колледжінің әлеуметтік Hikvision, Cuba платформасы және т.б. серіктестері қатысты. Студенттер IT платформалар мен бағдарламалық қамтамасыз ету бойынша сертификаттардың иегерлері атанды. Кейбір студенттер жақсы қауіпсіздік дағдыларын көрсетіп, тәжірбиелік жұмыс орындарын тапты.
04.04.24 жылы Еуразия Гуманитарлық Институтының жоғары колледжінде педагогикалық топ студенттерінің Астана қаласының жалпы білім беру мекемелерінің басшыларымен «Ұлттық жоба» бағдарламасы бойынша түлектерді жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша «Жайлы мектеп-мүмкіндіктер мекені» білім беру саласындағы ұлттық жобамен кездесуі өтті. Кездесу жанды қарым қатынас пен өзара қызығушылық атмосферасында өтті.
2024 жылдың 26 наурызында колледж студенттері Астана қаласының №26 мектеп гимназиясының ұйымдастыруымен өткен «Мұғалім. Жетекшілік ету қуанышы» атты II Халықаралық жастар форумына қатысты.
Еуразия гуманитарлық институтының жоғары колледжінде 27 наурыз күні «Miss және Mister EAGI» – ауқымды іс-шарасы жоғары деңгейде өтті! Іс шарада әділ қазылар алқасы: FP models агенттігінен және New Dala актерлік мектебінен: Имашева Айым Наталья Сергеевна Екатерина Сергеевна Валим Овчаров, актер Нұрсұлтан Есен шешімімен «Miss колледж» және «Mister колледж» тағайындалды, сонымен қатар барлық қатысушыларға өз номинациялары табысталды.