Еуразия гуманитарлық институтының жоғары колледжі

ЕАГИ жоғары колледжі ресми сайты

  • Лицензия

    KZ33LAA00027446
  • Аккредитационное свидетельство

    IA-B №0128 от 23 декабря 2019 года
By - Колледж ЕАГИ

Бірінші кәсіби тәжірибе

Тәжірибе барысында біздің студенттер Астанамызды жақынырақ тануға, коммуникативті дағдыларды пайдалануға, коммуникативтік құзыреттіліктерін дамытуға және кәсіби қызметінде қажет болатын мәдениетаралық қарым-қатынаста мол тәжірибе жинақтауға бірегей мүмкіндік алады.

Сонымен, «Аударма ісі» мамандығының 2 курс студенттері мен «Аударма ісі» мамандығының қолданбалы бакалаврлары Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде, Тұңғыш Президент кітапханасында, «Атамекен»  бірегей этномемориал кешенінде, С.Сейфуллин мұражайында, «Бейбітшілік және Келісім» сарайында, сондай-ақ «Бәйтерек Астана» монументінде тәжірибеден өтуде. Бұл нысандардың барлығы туристер арасында танымал, оларға әлемнің түкпір-түкпірінен қонақтар келеді. Сондықтан, бұл біздің студенттеріміз үшін тәжірибеден өту кезінде кәсіби біліктіліктерін арттырудың бірегей мүмкіндігі.