Еуразия гуманитарлық институтының жоғары колледжі

ЕАГИ жоғары колледжі ресми сайты

  • Лицензия

    KZ33LAA00027446
  • Аккредитационное свидетельство

    IA-B №0128 от 23 декабря 2019 года
By - Колледж ЕАГИ

«Бос орындар жәрмеңкесі»

2019 жылдың 16 сәуірінде Еуразиялық гуманитарлық институты колледжінде білім беру және өндірістің жылдық жоспарының шеңберінде «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы түлектеріне мемлекеттік білім беру грантына қабылданған «Бос орындар жәрмеңкесі» ұйымдастырылды
Бұл іс-шараның негізгі мақсаты – EAГИ колледжінің түлектерін жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру.
«Бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне»: Қазақстандық жеке мектепке дейінгі ұйымдардың қауымдастығы, ГККП № 85, 76, 32,19, 27, 4 балабақшалары; «Мерей» ДУВС, «Абзалы» ЖШС, «Алия» ЖШС, Балаларды дамыту орталығы және тағы басқалар қатысты.
Студенттердің шығармашылық жұмыстарының көрмесі ұйымдастырылды, кәсіби портфолиолар мен мектепке дейінгі білім беру түлектері түйіндемелері жасалды.
Жәрмеңке барысында колледждің қабырғасында түлектер сұхбаттасу мүмкіндігіне ие болды, сұрақтарына жауап алды, резюмелерін қалдырды. Нәтижесінде бітірушілер жұмыс берушімен алдын-ала келісім жасасуға шешім қабылдады.
Бос орындар жәрмеңкесі бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау колледждің басты міндеті екенін көрсетті, ал алған мамандықтар бойынша түлектерді жұмысқа орналастыру ЕАГИ колледжінің негізгі іс-шараларының бірі болып табылады