Еуразия гуманитарлық институтының жоғары колледжі

ЕАГИ жоғары колледжі ресми сайты

  • Лицензия

    KZ33LAA00027446
  • Аккредитационное свидетельство

    IA-B №0128 от 23 декабря 2019 года
By - Колледж ЕАГИ

Дуалды оқыту жүйесі

Дуалды оқыту жүйесі дегеніміз – теорияны өндіріспен ұштастыра оқыту технологиясы. Еуразия гуманитарлық институтының жоғары колледжі «Негізгі орта білім беру» мамандығының 2 курс студенттері биылғы оқу жылына жоспарланған дуалды оқыту жүйесі бойынша экспериментті бағдарламасын аяқтады.
Дуалды оқыту тәжірибе бағдарламасында 1 семестрда «КМ- 01» модулі «Тіл біліміне кіріспе», «Әдебиеттануға кіріспе», «Қазіргі қазақ тілі», «Қазақ тілінің тарихы мен теориясы», «Қазақ тілінің практикумы», «Халық ауыз әдебиеті», «Ежелгі дәуір әдебиеті» бойынша жұмыс жоспарын өндірісте толық орындап «Қазақ тілі», «Қазақ әдебиеті» пәндерінен сабаққа қатыса отырып өз білімдерін толықтырса, 2 семестрде «КМ-02» модулі бойынша «Педагогика», «Психология», «Этнопедагогика» «Тәрбие жұмысының әдістемесі» бойынша өтілген дуалды оқытудың қорытынды есебі тыңдалды.
Сонымен қатар жалпы жылдық қорытында жасар болсақ студенттер мектеп тәрбие жұмыс жоспарымен, сынып жетекші құжаттарымен,оқушылармен тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру әдіс тәсілдерімен танысып, өзіндік іс шара да өткізе алды.
Студенттер дуалды оқыту бағдарламсына оң көзқарас танытты, келесі оқу жылында эксперимент жалғасады. Колледж әкімшілігі де студенттер жұмысын жақсы бағалай білді.