Еуразия гуманитарлық институтының жоғары колледжі

ЕАГИ жоғары колледжі ресми сайты

  • Лицензия

    KZ33LAA00027446
  • Аккредитационное свидетельство

    IA-B №0128 от 23 декабря 2019 года
By - Колледж ЕАГИ

Педагогикалық тәжірибе – болашақ маманның шыңдалу мектебі

Мұғалім мамандығы жер жүзіндегі ең игілікті мамандық екені белгілі. Сесебі ол өзінің білімімен, ақыл-парасатымен, яғни бүкіл болмысымен қоғамның болашақ азаматының тұлғасын сомдайды. Осындай керемет мамандықты игеруде жас педагогтар үшін педагогикалық тәжірибе маңызды рөл атқарады. Осы орайда Қазақ және орыс тілдері пәндер бірлестігінің он күндігі аясында 2024 жылдың 18 наурыз күні, сағат 12:45-те «Педагогикалық тәжірибе – болашақ маманның шыңдалу мектебі» атты шеберлік сағаты Жармуханова Анар Жумабаевнаның ұйымдастырылуымен және ЕАГИ жоғары колледжі директоры Аширбекова Алма Дайыровнаның, сонымен бірқатар арнайы пәндер оқытушыларының қатысуымен өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – студенттерді мектептің оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың педагогикалық негіздерімен таныстыру, болашақ педагогтардың кәсіби-педагогикалық дайындықтарын дамыту және педагогикалық-психологиялық шеберліктерін қалыптастыру.