Еуразия гуманитарлық институтының жоғары колледжі

ЕАГИ жоғары колледжі ресми сайты

  • Лицензия

    KZ33LAA00027446
  • Аккредитационное свидетельство

    IA-B №0128 от 23 декабря 2019 года
By - Колледж ЕАГИ

Шығыс базары

Сәуір айының 27-сі  Еуразия гуманитарлық институтының жоғары колледжінде Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған жәрмеңке өтті. Бұл шараның ұйымдастырушылары Студенттік кәсіпкерлік орталығы болды. «Шығыс базары» жәрмеңкесіне 1 курс студенттері қатысты, әр мамандық бойынша Қазақстанда тұратын халықтардың: қазақтардың, татарлардың, орыстардың, украиндардың салт-дәстүрлері көрсетілді. Оқушылар халықтардың қолөнер бұйымдары мен тағамдарын, ұлттық киімдерін, музыкалық және вокалдық нөмірлерін ұсынды. Жәрмеңке колледждің оң имиджін қалыптастыру және қолдау және жастарды ұлтаралық қатынасқа тәрбиелеу мақсатында өткізілді. Жәрмеңкеден түскен барлық қаражат Дария Жанболатқызы Наурызбаеваның денсаулығын сақтау үшін қайырымдылық қорына бағытталды.